
Олар алғашқы екеуінде "Өскемен-Талдықорған" автожолының, ал соңғысында "Қарағанды – Балқаш" автожолының құрылысымен танысты.
Үкімет басшысы атап өткендей, аталған трассаларда қозғалыстың ашылуын 2020 жылға қарай жүзеге асыру қажет, сонымен қатар сапа мәселелерін нақты сақтау қажет.
Сондай-ақ Үкімет делегациясы Алакөл көлі жағалауының демалыс аймағын абаттандырумен де танысты. Ағымдағы жылы жаңа қонақ үйлердің, сервис объектілерінің құрылысын іске асыру арқылы туристік әлеуетті дамыту жалғастырылатын болады. Биылғы жылы Алакөл көліне 2 млн-ға жуық турист келеді деп күтілуде.

