КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ 700-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ 700-ДЕН АСТАМ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

Техникалық байқау операторларына қатысты 3 млн. 849 мың теңге сомасына 193 әкімшілік материал жасалды, тізілімнен 88 оператор шығарылды.

2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін жалған диагностикалық карталарды анықтау бойынша 150-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде диагностикалық карталарды қолдан жасаудың 84 фактісі анықталды, техникалық байқау операторларына қатысты 26 әкімшілік материал жасалды және 2 қылмыстық іс қозғалды,техникалық байқау операторларына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін 13 тапсырма  жіберілді.

Бүгінгі күнде "Техникалық байқау" Бірыңғай ақпараттық жүйесіне бақылау-диагностикалық жабдықтардан ақпарат беретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету талаптары орнатылмаған.

Міндетті техникалық байқауды бақылауды күшейту мақсатында "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-әрекетті жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу жоспарлануда.

Бұл түзету көлік құралын ұсынбай техникалық байқаудан өтуді болдырмайды, сондай-ақ жалпы көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің сапасын жақсартады.

Бүгінгі таңда жоба мемлекеттік органдарда келісу үдерісінен өтуде.