ЕАЭО ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТЫ БОЙЫНША КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

ЕАЭО ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТЫ БОЙЫНША КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Кеңестің құрылуы мен жұмысы өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу болғандықтан, мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның ішінде қосылған құнның жаңа тізбектері негізінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісін құру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; мүше мемлекеттердің үшінші елдердің нарықтарына жоғары технологиялық тұрғыдан бірлесіп өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің экспортын дамыту бойынша бірлескен шараларды қолдану; өнеркәсіп саласындағы кедергілерді жою; өнеркәсіп кәсіпорындары үшін инвестициялар тарту және қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; өнеркәсіп саясаты саласындағы интеграцияны дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары бойынша көзқарастарды әзірлеу.

Бұдан басқа, Кеңес өз жұмысында Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің өзара іс-әрекетін тереңдету; мүше мемлекеттердің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жарақтандыру; өнеркәсіп саласындағы жаһандық экономикалық дағдарыстардың салдарларына және күн тәртібінің басқа да өзекті мәселелеріне қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады.

Сондай-ақ Кеңес өз қызметінде Одақ құрылысы мен Жібек жолының Экономикалық белдеуі үдерістерінің түйісу жобасы шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады, ғылым мен техника саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелерін қарайтын болады; бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кооперациялық бірлестіктерді құру жөніндегі қызметті үйлестіретін болады; даму институттарының қаражатын тарта отырып, іске асырылатын өнеркәсіп саласындағы интеграциялық жобаларды қарайтын болады.