
Ұжым қызметкерлері жуырда толықтай екпе алады.
Бұған дейін біз Министрлікте қызметкерлерді коронавирус инфекциясына қарсы егу шаралары белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгінгі таңда Министрлікте вакцина алғандар үлесі 96%-ға жетті. Медициналық себептерге байланысты екпеге тыйым салынған әріптестеріміз ол көрсеткішке енген жоқ.
Қызметкерлердің қалған 4% жақын арада процедурадан өтеді.
Барлық оқырмандарымызды екпе алуға шақырамыз. Одан қорқатын ештеңе жоқ және пандемиямен күреске көмегі көп.