
Учаске 4 кен көрінісін қамтиды.
- қорғасын - солтүстік және оңтүстік Терісаққанда, құрамы 0,7 - 19,0%;
- мыс - құрамы 3-5% (Жаңа-Бек);
- марганец - 22%, қорғасын - 1,2%, мыс – 0,5% Терісаққан.
2018 жылы алаңда геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешені орындалды. Полярлануы жоғары бірнеше аномалия ажыратылды.
Биылғы жылы бүкіл осы алаңда тиянақты магнитті барлау және электр барлау жұмыстары жүргізіледі.
Алаңның құрылымдық-тектоникалық ахуалын және Терісаққандағы марганецтің оңтүстік кен көрінісіндегі магнит өрісін мол туындататын объектілердің шекараларын нақтылау жоспарлануда (22).
Сондай-ақ, өрісті туындататын объектілердің орналасқан жерлерін нақтылап, полярлану аномалияларының неғұрлым тиянақты суретін алу жоспарлануда.
Геофизиктер Терісаққан учаскесінде дала жұмыстарын мамырда бастады.
Жалпы алғанда, шілденің аяғына дейін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
- ВП-ДОЗ әдісімен 500х50 м желісінде электр барлауы жұмыстары - 47 қ.км., 250х25 м желісінде - 103 қ.км;
- 250х25м желісінде магнитті барлау жұмыстары – 103 қ.км.
Жұмыстар «Trimble R10» компаниясының спутник GPS жабдықтарын пайдаланылып орындалады.
Бұдан басқа, жалпы көлемі 2000 қ.м 10 ұңғыма бұрғыланады.
