
Бүгінгі таңда Қазақстанда катамарандарды, салмақты және үрлемелі қайықтарды қоспағанда, 18 мыңнан астам шағын өлшемді кеме тіркелген. Дәстүрлі түрде шомылу маусымы кезінде жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер саны өсуде. Осылайша, адамдардың қаза болуына және денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соғатын кемелермен болған көлік оқиғаларының тәуекелі артады. Акция кезінде шағын көлемді кемелерді қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жоспарлануда, атап айтқанда: құтқару құралдарының болуы, басқару құқығы бар тұлғалардың кемелерді басқаруы, тіркелген кемелерді және т. б. пайдалану.
"Скутер" акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Көлік комитеті жүзеге асыратын 2019 жылға арналған флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тексерулермен қатар Көлік комитетінің аумақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтау базаларының және демалыс аймақтарының иелерімен шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар Көлік комитеті ЕСКЕРТЕДІ: демалыс кезінде су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Көпшілік демалатын орындарда тыйым салынады.:
- балаларды ересектердің қарауынсыз шомылуға жіберуге;
- моторлы, ескекті қайықтарға және басқа да жүзу құралдарында қарай жүзуге;
- осы мақсаттар үшін бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
- мас күйінде шомылуға болмайды;
- жүзу тақтасында, бөренелерде, жатып жүзетін құрылғыларда, автомобиль камераларында, үрленген матрацтарда жүзуге;
- ескерту және тыйым салу белгілері мен жазулары бар қалқандар қойылған орындарда шомылуға;;
- шағын көлемді кемелерде құтқару кеудешесін кимеуге;
Егер сіз су көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды көрген болсаңыз, тәулік бойы Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 98-35-35, сондай-ақ Фото және бейне материалдарды What ' sApp messenger 8-708-088-08-00-ге жіберуді сұраймыз.