ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛАРУСЬ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛАРУСЬ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Аманияз Ержанов қазіргі уақытта Қазақстан пайдаланудан шыққан көлік құралдарын жеңілдік сертификаттары бойынша кәдеге жарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізліп жатқандығы туралы хабарлады.

"Бүгінгі таңда Министрлік экспуатациядан шыққан көлік құралын (бұдан әрі - ЭШКҚ) пайдалану бағдарламасын жеңілдікті сертификат бойынша жүзеге асыруда. Бағдарламаның сипаттамасы келесі критерийлер болып табылады: ЭШКҚ-ны кәдеге жарату үшін  шығарылған жылы, үлгісі және мақсаты бойынша шектеулердің болмауы; екі сертификатты қосу және жеңілдікті екі еселеу мүмкіндігі; басқа тұлғаға жеңілдік сертификатын қайта тіркеу; жаңа экологиялық таза КҚ-ның кез келген моделі мен санатына жеңілдік сертификатын пайдалану", - деді Аманияз Ержанов.

Жеңіл автомобильдерге жеңілдік сертификатының көлемі – 315 мың тг.,  жүк автомобильдеріне-550 мың тг.,  автобустарға – 750 мың тг.  2019 жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 23717 мың жеңілдік сертификаттары берілді.

"Қазақстанға электр қозғалтқыштары бар жеңіл автокөліктерді әкелу кезінде кәдеге жарату алымының мөлшері, гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда-378750 мың теңге, қозғалтқыштың жұмыс көлемі 1000 текше см-ге дейін – 378750 мың тг. 1001-ден 2000 текше см-ге дейін-883750 мың тг. 2001 жылдан 3000 текше см. дейін-1262500 млн. тг. 3001 текше см. жоғары-290-750 млн. теңге",-деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, Аманияз Ержанов екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.