
Тек мамыр айында ғана барлық қаржы көздері есебінен бүкіл еліміз бойынша 1356 көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Көп балалы отбасыларға тұрғын үй берудің алғашқы нәтижелері осындай. Бұл жұмыс министрліктің тұрақты бақылауында. Бүгінгі таңда Қазақстанда 31725 отбасы шаршы метрге мұқтаж жандар ретінде әкімдіктерде есепте тұр.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы қосымша шара ретінде биылғы жылдың маусым айында көпбалалы, толық емес отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жеңілдікпен несиелеуді іске қосу жоспарлануда. Бұл қарыздар жылдық 2% ставка бойынша, 20 жылға дейінгі мерзімге, бастапқы жарнасы 10% - дан бастап беріледі. Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін.
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің деректері бойынша, бүгінгі күні кезекте тұрған көп балалы отбасылар 2025 жылға дейін мемлекеттен тұрғын үймен толық қамтамасыз етіледі. Тек осы жылдың өзінде 12 мың отбасыөз пәтерлеріне қоныстанады (6 мың жалдамалы тұрғын үй есебінен және 6 мың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдікпен несиеберу есебінен). Осылайша, 3-4 жыл ішінде министрлік тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылардың мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр. Қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көп балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда еліміздің халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырады.