
Отырыс барысында автожолдардың жекелеген учаскелерінде салмақ габаритін өлшеудің автоматтандырылған станцияларын құру арқылы көліктік бақылаудың қашықтықтан басқару нысанына толықтай көшу туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар, жолаушылар поездарында билетсіз жүретіндерді анықтау бойынша мәселелер талқыланды, дегенмен бұның өзі қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етпейтін болғандықтан, ҚР ИИДМ Көлік комитеті «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйесін пайдалану мәселесі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендету арқылы кәсіпкерлерді тексеру санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, шағын өлшемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға беруді қосымша талқылау туралы шешім қабылданды.
Отырысқа мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ІІМ, Қаржы министрлігінің, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, "Атамекен" ҰКП, ҚТЖ, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

