БҚО-да 248 шақырым жол күрделі жөндеумен қамтылған

БҚО-да 248 шақырым жол күрделі жөндеумен қамтылған

Бүгінде елімізде күрделі жөндеумен республикалық маңызы бар жолдардың 585 шақырымы қамтылған. Соның ішінде Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту тапсырмасын орындау мақсатында Қазталовка, Жәнібек және Бөкейорда аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыру үшін күрделі жөндеумен 248 шақырым жол қамтылып отыр.

Аталған жұмыстар ұзындығы 145 шақырым болатын «Қазталовка-Жәнібек-РФ шек.» және  ұзындығы 103 шақырымды құрайтын «Өнеге-Бисен-Сайқын» автомобиль жолдарында жүргізілуде.

Былтыр 26,2 шақырым жолға айналма жолдар салынып, 135 мың м3 аумақта жер жұмыстары жүзеге асты. Сондай-ақ 10 шақырым жолда төменгі және жоғарғы қабаттарды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, асфальтбетон жабындысы төселді: жабынның төменгі қабатын орналастыру - 9,7 км; жабынның жоғарғы қабатын орналастыру - 1,2 км.

2021 жылы бөлінген қаржыландыру аясында 100 шақырымнан астам жолды жөндеу, 3 көпір бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазталовка-Жәнібек-РФ шек.» автомобиль жолының 158-165 км учаскесіне күрделі жөндеу басталмақ. 2021 жылғы мемлекеттік тапсырманың аясында бұл жоба 2 миллиард теңге көлемінде қаржыландырылады. Бүгінде мердігерлік компанияны анықтау үшін байқау шаралары жүргізілуде.

Биылғы жылы асфальтбетон жабындысы төселген «Казталовка-Жәнібек» автожолының 68 шақырымында мен «Өнеге-Бисен-Сайқын» тас жолының 50 шақырымында қозғалысты ашу көзделуде.

Аталған нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті ресурстар қарастырылған. Жол-құрылыс техникасының 170 бірлігі мен 260 адам жұмылдырылған. Жолдар 2023 жылы пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.