
Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік (SAMR), стандарттарды дамыту ұлттық орталығы (NCSЕ, бұрынғы SAC Info) және сәйкестікті бағалау саласындағы қытай ұлттық аккредиттеу қызметі (CNAS) өкілдерімен кездесулер өтті.
Айта кету керек, қытай тарапымен тиімді өзара іс-әрекетті жолға қою жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді және бұл кездесу нақты уәделестіктерге қол жеткізу бағытындағы мәреге жетіп отыр. Қазақстан мен ҚХР тамызға дейін өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелерін тану мәселелері бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын дайындайды. Сондай-ақ, осы жылдың күзіне жоспарланған SAMR-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанға дейін Тараптар өнім тізбесі бойынша уәделесуі, Қазақстан және Қытай тараптарының талаптарына салыстырмалы талдау жүргізуі қажет.
Бұдан басқа, Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органы NCSE-мен ҚХР салалық стандарттар базасына қол жеткізу туралы уәделесті, Ұлттық аккредиттеу орталығы CNAS-пен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумды әзірледі.
ҚХР-ның реттеуші органдарымен танысу және зерттеу қазақстандық өнімді осы елге жіберу үшін өте маңызды қадам болып табылады. Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімнің әрбір түрі бойынша іс–әрекеттің нақты алгоритмдерін — экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға стандарттардан сәйкестікті бағалау нәтижелерін мойындауға дейін дайындау бөлігінде сервистік қолдау көрсетуді жалғастыруда.
