ЕЛІМІЗДІҢ АСТАНАСЫНДА СУ КӨЛІКТЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ. ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ АСТАНАСЫНДА СУ КӨЛІКТЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ. ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Кемелерді тексеру нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар анықталды.

Осылайша, сыйымдылығы сәйкесінше 45 және 65 адам болатын «Астана» және «2» жолаушылар кемелерін тексерген кезде келесідей заң бұзушылықтар анықталды:

- басты рульді басқару орны айналаны шолу көрінісімен қамтамасыз етілмеген;

-  машина бөлімшесінен жағармайдың ағуының байқалуы;

-кеме құжаттарының дұрыс жүргізілмеуі, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің болмауы.

Осындай заң бұзушылықтар осы ұйымның 2 өздігімен жүзетін тіркеп алушы кемелерді тексеру барысында анықталды.

Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтпеген жолаушылар мен жүк кемелерін арқандап байлау және оларға қызмет көрсетуге арналған 7 қалқымалы қондырғы да тоқтатылды.

Анықталған  заң бұзушылықтар нәтижесінде 11 кемені пайдалануға тыйым салынды және кемелердің қауіпсіз жұмысына қатысты заң бұзушылықтарды жедел жоюға қатысты ұйғарымдар берілді және «ЖАСНҰР» МҚКК-ның 3 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті ескертеді, егер сіз су көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзудың куәгері болсаңыз, тәулік бойы сенім телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 98-35-35, сондай-ақ фото және бейне материалдарды What ' sApp messengerі  бойынша мына нөмірге 8-708-088-08-00 жібере аласыз.