ҚАЗАҚСТАНДА 2019 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 4,6 МЛН. ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 2019 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 4,6 МЛН. ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

Анықтама: тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (132,0%), Павлодар (127,2%), Алматы (123,2%), Қызылорда (122,4%), Ақмола (116,9%), Жамбыл (114,9%), Атырау (114,1%), Қарағанды (113,9%), Қостанай (105,8%), Ақтөбе (105,5%) облыстарыболып табылады..

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108,8% құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар Қарағанды (153,7%), Атырау (129%), Түркістан (122,5%), БҚО (115,5%), Ақтөбе (112,1%), ШҚО (110,4%), Қостанай (109,9%), Павлодар облыстары (107,8%), СҚО (107,7%), Алматы қ. (105,8%) және Шымкент қ. (105,1%). 

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ басшысы көлік кешені бойынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында нақты көлем индексі 105,3%құрағанын хабарлады. Жалпы алғанда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің 3,7%-ға өсуі байқалады. Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47%–ға өсіп, 240 мың ЖФЭ құрады. (ескерту - жиырма фунттық эквивалент – жүк КҚ сыйымдылығын өлшеудің шартты бірлігі).

Көмір мен лигнит өндіру көлемі 95,8% құрады.  Негізгі көмір өндіруші кәсіпорындарда көмір өндірудің төмендеуі электр станцияларының көмір өнімдерін тұтынудың қысқаруымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша  жеңіл өнеркәсіп саласында +23%, машина жасау саласында +16%, фармацевтика өнеркәсібінде +11,6%,дайын металл бұйымдары бойынша +9,2%, құрылыс материалдары бойынша +3,4% өскені байқалады.