ҚР ИИДМ 2019 ЖЫЛЫ 1,1 ТРЛН. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА 120-ҒА ЖУЫҚ ЖОБА ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

ҚР ИИДМ 2019 ЖЫЛЫ 1,1 ТРЛН. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА 120-ҒА ЖУЫҚ ЖОБА ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Сондай-ақ, 367 тұрақты жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 6,9 млрд.теңгеге 4 жобаны іске асыру басталды.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы бағдарламасын бекітуіміз керек. Салаларда өндіріс көлемін арттыру бойынша барлық қажетті жүйелі шаралар Үкімет тарапынан қабылдануда", - деді ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр, Қазақстан халқымен есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы өсімнің негізгі драйвері Елбасының бастамасымен бастау алған "қарапайым заттар экономикасы"салаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы болды. Мәселен, бағдарламаға бөлінетін 600 млрд. теңгенің ішінен, 400 млрд.теңгеөңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Бұл қазақстандықтардың күнделікті қолданатын 250-ге жуық өнеркәсіптік тауарлар өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді.

2025 жылға қарай бизнесті жеңілдетілген қаржыландыру шамамен 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетті салық түсімдерінің 1,1 трлн. теңгесімен қамтамасыз етуге,"қарапайым заттар экономикасы" өнімі импортының үлесін 59% - дан 37% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жеңіл, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол карталары бекітілді және іске асырылуда.

Жоғарыда аталған барлық шаралар  2019 жылы өнеркәсіп өсімін 102,7% - дан төмен емес (оның ішінде өңдеу-104%) деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.