МӘЖІЛІС ТКШ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ

МӘЖІЛІС ТКШ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ

Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық нормалары:

1. "Бір үй – мүлік иелерінің бір бірлестігі (МИБ) – бір шот" қағидаты бойынша тұрғын үй қорын басқарудың жаңа моделін енгізу»;

2. Көп пәтерлі тұрғын үй кондоминиумын тіркеу тәртібін және жергілікті әкімдіктердің қолданыстағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді техникалық тексеруді қамтамасыз ету, оларды тіркеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен сәйкестендіру құжаттарын дайындау бойынша құзыретін анықтау;

3. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметті жетілдіру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау;

4. Тұрғын үй қорын басқару саласында, газ және газбен жабдықтау саласында бақылау өкілеттілігін беру, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қадағалау арқылы әкімдіктердің тұрғын үй инспекциясының рөлін айқындау.

Заң жобасы бойынша жұмыс барысында Мәжіліс депутаттары бірқатар түзетулер енгізді:

1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға байланысты меншік иелері жиналысыныңшешімдер қабылдау рәсімдері бойынша нормаларды нақтылау;

2. Жиналыс өкілеттік берген жағдайда басқару нысандарын, сондай-ақ басқарушы немесе басқарушы компанияларды таңдауды және ауыстыруды жүзеге асыратын КПТҮК басқару органы ретінде үй кеңесін сайлау, сервистік қызмет субъектілерінің шарттарындағы талаптардың орындалуын бақылау және т. б.;

3. Ортақ мүлікті пайдалану және күтіп ұстау бөлігінде пәтер иелерінің және көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының негізгі құқықтары мен міндеттерін регламенттеу, сондай-ақ пәтерлерді мүліктік жалға берген жағдайда үй Кеңесіне хабарлау.

Бұдан басқа, әкімдіктердің, өңірлер мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, депутаттар басқарудың жаңа нысандарына көшу барысында жеткілікті мерзімді қамтамасыз ету үшін пәтер иелері кооперативінің қызметін үш жылға дейін ұзарту бойынша түзету енгізді.