ҚР ИИДМ-ДЕ АВТОМОБИЛЬ АРҚЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

ҚР ИИДМ-ДЕ АВТОМОБИЛЬ АРҚЫЛЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ СӨЗ БОЛДЫ

Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды - автобус паркін жаңарту, тарифтерді реттеу және тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мен жолаушылар тасымалы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Автобус паркін жаңарту аясында жеңілдетілген лизинг ұсынылады, оған 2018 жылы 10 млрд.теңге бөлінді. РБ-дан және "ҚДБ-Лизинг" АҚ 10 млрд. теңге тартылды. Бұл Шымкент (300 бірлік), Семей (170 бірлік) және Атырау (100 бірлік) қалаларында жалпы сомасы 16,45 млрд.теңгегекелісім-шарттар жасасуға мүмкіндік берді. 184 автобус жеткізілді. 2019 жылға 1039 автобус жеткізу жоспарланған", - деді Берік Қамалиев.

Оның мәліметінше, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау үшін жергілікті атқарушы органдар 2018 жылы 15,070 млрд.теңгебөлді, бұл ретте субсидиялардың жалпы көлемінің 81%-ын Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері (тиісінше 9,2 млрд.және 3 млрд. теңге) бөлді. 2019 жылы жергілікті атқарушы органдарға осы мақсаттар үшін 39,9 млрд.теңге қарастырылған. Бұл ретте Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша жыл сайынғы субсидияларды бөлуде азаю үрдісі жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың 25-27 маусымында Алматы қаласында BUSWORLD CENTRAL ASIA 2019 халықаралық көрмесі өтеді. Аталған көрме аясында 2018-2020 жылдарға арналған жолаушылар тасымалын дамытудың Кешенді бағдарламасының орындалу барысын талқылай отырып, автобустармен жолаушылар тасымалын дамыту бойынша бөлек панельдік сессия ұйымдастырылады.

"Халықаралық автомобиль тасымалдарында жүк автокөліктерінің паркіне қатысты 7 320 бірлік іске қосылған, олардың 44% - ы 15 жылдан астам уақыт пайдаланылу мерзімі бар, бірақ олар Еуро 5 стандартының талаптарына сәйкес келмейді, бұл өз кезегінде ЕО елдеріне ескі көліктерде тасымалдарды жүзеге асыру кезінде кедергілер тудырады", - деп атап өтті Камалиев.

Вице-министр отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы ұстанымдарын ұстап тұру және халықаралық автомобиль тасымалдарын одан әрі дамыту үшін жыл сайын жүк автокөлік құралдарының паркін 500 бірлікке дейін жаңарту қажет екенін атап өтті.

"Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде заңнамаға жүк автокөлік құралдары үшін алғашқы мемлекеттік тіркеу алымдарына коэффициенттерді төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді (3 жылдан 7 жылға дейінгі созғыш тартқыштар үшін 350 АЕК-тен 2 500 АЕК-ке дейін). Осы норманы қабылдағаннан кейін отандық тасымалдаушылар автокөлік құралдарын қолайлы бағамен алып, автокөлік құралдарының паркін едәуір толықтыра алады", - деді Берік Қамалиев.

Бүгінгі таңда Қазақстан Еуропа мен Азия елдерімен халықаралық автотасымалдаулар туралы 40-тан астам келісім жасады. Олардың ішінде ЕАЭО елдерімен, Грузиямен, Румыниямен, Сербиямен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен транзиттік тасымалдауды жүзеге асырудың рұқсатсыз жүйесі жұмыс істейді.