
Түзетулер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган болып табылатын ҚР ИИДМ-не әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттілікті беруді көздейді:
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту тәртібі;
2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу ережесі (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады).
Бұдан басқа, "Уәкілетті ұйым" анықтамасы енгізіледі, ол тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асырады, оларға объектіні пайдалануға бергенге дейін құрылыс объектісінде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өткізу бойынша заң талабы қолданылмайды.
Қазіргі уақытта заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мына тәсілдердің біреуімен ұйымдастырылады:
1) кепілдік беру қорының кепілдігін алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
3) тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
Бұл ретте, Заң тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың бір тәсілін басқасына өзгерту тәртібін реттемеген.
Сонымен қатар, құрылыс салушылар екінші немесе үшінші тәсілдердің шеңберінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алғанда бірінші тәсілге және керісінше тәсілге көшуге қызығушылық танытады.
Қабылданған түзетулер құрылыс салушыларға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың кез келген тәсіліне көшу мүмкіндігіне ие болуға мүмкіндік береді.
Бірінші тәсілге көшудің артықшылығы:
1) «ТҮҚЖБ» АҚ салымшыларына тұрғын үйдегі үлестерді сату;
2) үлескерлердің тартылған ақшасын құрылыстың кез келген сатысында пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Әдетте, кепілдік беру қорына кейіннен кепілдік бойынша міндеттемелерді ұлғайта отырып, кепілдік жарна бойынша айырмашылықты (егер құрылыс жобасында тұрғын үйді кезең-кезеңмен салу көзделген болса) төлей отырып, құрылыс кезегін кепілдендіру жөніндегі өтініммен жүгінеді.
Бірінші тәсілден екінші не үшінші тәсілге көшудің артықшылығы кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік беру қорына кепілдік жарнаны төлеу жөніндегі шығыстарды қысқарту болып табылады.
Бір тәсілден екіншісіне өту тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.