
Іс-шараға "Қазақстан автотранспортшылары одағы" ЗТБ, ҚР ИИДМ Көлік комитеті, "Атамекен" ҰКП, "KAZLOGISTICS" ҚКО және т.б. өкілдері қатысты.
"Әрине, автобустық Жолаушылар тасымалы халықтың тыныс-тіршілігі мен тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етуде маңызды сектор болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның автобус паркі шамамен 90 мың бірлікті құрайды. Бұл ретте тұрақты жолаушылар тасымалы 2575 маршрутта (899 қалалық, 193 қала маңындағы, 540 ауданішілік, 692 ауданаралық, 130 облысаралық және 121 халықаралық) жүзеге асырылады, оларда жылжымалы құрам паркі 19,5 мыңнан астам 1 мыңға жуық тасымалдаушы жұмыс істейді»,- хабарлады өз сөзінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице - министрі Берік Камалиев.
Оның айтуынша, өткен жылы үкімет 2018 – 2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамыту бойынша кешенді бағдарламаны (жол картасы) бекітті, оның аясында қатысы бар мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тарифтерді реттеу және әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды субсидиялау, жолаушыларды тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының тозуын 49%-ға дейін қысқарту, сондай-ақ өңірлерде қоғамдық көлікті диспетчерлендіруді және электрондық билет беруді енгізуді көздейтін автобус паркін жаңарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.
"Қазіргі таңда "СарыарқаАвтоПром", "Hyundai Trans Auto", "SEMAZ", "Daewoo Bus Kazakhstan" өндірушілерінен отандық автобустар өндірісі жолға қойылғанын, оны сатып алуға бастапқы жарнасы 15% жеңілдікті лизинг бағдарламасы қолданылады және 7% ставкамен 7 жылға берілетінін айтқым келеді. Ағымдағы жылы 611 автобус жеткізілді және 1500 автобус өндіріс барысында тұр", - деп атап өтті Берік Камалиев.
Вице-министр атап өткендей, бұл шаралар автобус паркін жаңартуға ғана емес, сонымен қатар халыққа сапалы, жайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және отандық өндірістің дамуына оң серпін береді.
Кешенді бағдарлама шеңберінде 2018 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді және "ҚДБ-Лизинг" АҚ-на 10 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит берілді. Бүгінгі күні 184, өндірісте 431 бірлік автобус жеткізілді. 2019 жылға 23,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 1039 автобус шығару жоспарланып отыр.
