Биыл 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, импортты алмастыратын құрылыс индустриясының 20 жобасына мемлекет қолдау көрсетеді

Биыл 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, импортты алмастыратын құрылыс индустриясының 20 жобасына мемлекет қолдау көрсетеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың жетекшілігімен өткен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-дағы жұмыс кеңесінде жобаларды қаржылық қолдау мәселелері талқыланды. Оған "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, ИИДМ салалық комитеттерінің басшылары қатысты.

Импортты алмастыру мәселелерін талқылауға "MobetexGroup" ЖШС, "Алматы жылу оқшаулау зауыты" ЖШС," "Mega Smart" ЖШС, "Қызылорда композиттік материалдар зауыты" ЖШС, "АК Construction Company" ЖШС, "DAT KZ" ЖШС, "Bolashak Electri " ЖШС, "Конкрит Продактс" ЖШС, "Беллесизделие (Belwooddoors)";ЖШС, "ORDA GLASS LTD" ЖШС, "Атрикс-Строй" ЖШС, "ModeX Астана" ЖШС сияқты қазақстандық өндірушілер мен құрылыс компаниялары қатысты.

"Біздің алдымызда ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және құрылыс индустриясындағы импорттан толықтай арылу мақсаты тұр. Ол үшін санфаянс, керамикалық плиткалар, ламинатталған жабын, ішкі есіктер және басқа да тауарлар өндірісін жолға қою қажет. Қосылған құны жоғары өнімін шығару құрылыс материалдары өндірісінің отандық саласына серпін береді", - деді кеңесті ашқан министр Бейбіт Атамқұлов.
Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-мен бірлесіп жалпы сомасы 353 млрд теңгеге импортты алмастыратын 20 жобаны іріктеп алды. Жаңа зауыттар мен фабрикалардың ашылуы 4 мыңнан астам қазақстандықты жұмыспен қамтиды. Кеңесте осы жобаларды қаржыландыру мен қолдау тетіктері қаралды.

Сонымен қатар, Министрлік импортты алмастыратын жобалардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ шикізатты қамтамасыз ету және дайын өнімді ішкі нарықта ілгерілету бойынша мәселелерді пысықтайды.

Жобаларды талқылау қорытындысында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетіне даму институттары арқылы бюджет қаражатын бөлу мәселесін қарау тапсырылды. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "Samruk-Kazyna Construction" АҚ екінші деңгейдегі банктерден қаржы тарту мүмкіндігін қарастыруы қажет. ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті банктерден тартылатын қаражаттың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін әзірлеуі тиіс.