БЕРІК ҚАМАЛИЕВ "БЕЙНЕУ-АҚЖІГІТ" АВТОЖОЛЫНЫҢ ЖАҢА УЧАСКЕСІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

БЕРІК ҚАМАЛИЕВ "БЕЙНЕУ-АҚЖІГІТ" АВТОЖОЛЫНЫҢ ЖАҢА УЧАСКЕСІ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Учаскені қайта жаңарту оны II техникалық санаттағы нормативтерге (яғни ені 7,5 м (2х3,75) қозғалыстың 2 жолағы және жол жамылғысының конструкциясы бойынша жиектің 1,5 бекіту бөлігіне (2х0,75) жеткізуді көздейді. Ұзындығы 85 шақырым "Бейнеу – Ақжігіт" автожолын қайта жаңартуды бас мердігер "ТЖЖ – Автодорстрой"ЖШС орындайды.

Бұл шаралар жүк ағынының қауіпсіздігін, қозғалыс қарқындылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде объектіде 100–ден астам жол – құрылыс техникасы жұмылдырылып, 315 адам жұмыс істеуде, оның ішінде 282 адам - жергілікті персоналдар болып табылады.

Бұдан басқа, "Бейнеу – Ақжігіт" автомобиль жолы Құрық порты арқылы автомобиль транзитін ұлғайтуға ықпал етеді және Транскаспий дәлізінің Өзбекстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен жаңа қатынасын қамтамасыз етеді.