ҚАЗҚСҒЗИ РЕСЕЙДЕ СЕЙСМИКАҒА ТӨЗІМДІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН ҰСЫНАДЫ

ҚАЗҚСҒЗИ РЕСЕЙДЕ СЕЙСМИКАҒА ТӨЗІМДІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН ҰСЫНАДЫ

2019 жылдың 1 шілдесінен 6 шілдесіне дейін Санкт-Петербург қаласында сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмикалық аудандастыру бойынша XIII Ресей ұлттық конференциясы өтеді.

Конференцияның ұйымдастырушылары Ресей сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи және техногенді әсерлерден қорғау бойынша қауымдастығы (РСҚҚ), Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы (РСҚҒА), Ресей инженерлік академиясы (РИА), В.А. Кучеренко атындағы ОҚКҒЗИ, «Құрылыс» ҒЗО» АҚ болды.

 «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев әрітестерімен бірге Қазақстан Республикасындағы сейсмикаға төзімді құрылыстың қазіргі жай        -күйіне талдамалық шолуын ұсынады.

Өз кезегінде, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров «Алматы қаласы ғимараттары мен құрылыстарын төлқұжаттандыру» жобасының қорытындыларын ұсынады.

ҚазҚСҒЗИ сарапшылары зақымдалған темірбетон конструкцияларын фиброарматураланған пластиктермен күшейту бойынша тәжірибесімен бөліседі («ҚазҚСҒЗИ» АҚ Темірбетон конструкциялары зертханасының меңгерушісі, академик А. А. Беспаевтың баяндамасы). Қазақстан Республикасының жаңа нормалары ҚР ЕЖ 2.03-30-2017 «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» бойынша есептеу әдістерін техника ғылымдарының кандидаты, Жоғары қабатты ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі зертханасының меңгерушісі И.Е. Ицков ұсынады.

«Зерттеу ғылымы дамыған сайын сейсмикалық аудандардың саны өсіп жатыр, сәйкесінше, төтенше жағдайларда аз бұзылатын ғимараттар мен құрылыстарды салу қажеттілігі де өсуде. 2019 жылдың маусым айының соңында ҚазҚСҒЗИ-ға сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша ТМД елдерінің Базалық ұйымы  дәрежесі берілді және біз басқа ТМД елдерімен күштерімізді біріктіре отырып, сейсмикаға төзімді құрылысты жаңа жоғары деңгейге шығара аламыз деп сенеміз»,- деп санайды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

XIII Ресей ұлттық конференциясымен қатар Anti-Seismic Systems International Soсiety (ASSISi) және Ресей сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи және техногенді әсерлерден қорғау бойынша қауымдастығымен (РСҚҚ) өткізіліп жатқан сейсмикалық оқшаулау, энергия бөлу және құрылыстардың динамикалық сипаттамаларын реттеу бойынша XVI Халықаралық конференция өтіп жатыр.

ҚазҚСҒЗИ сарапшылары ғылыми зерттеулер орталығының директоры, техника ғылымдарының кандидаты В. А. Лапин, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директорының ғылым жөніндегі кеңесшісі, техника ғылымдарының кандидаты С. Е. Ержанов сондай-ақ Қазақстандағы сейсмоқшаулау және оны қолдану саласындағы ғылыми және практикалық әзірлемелерді ұсынады.