
2021 жылғы 13 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға сапармен келген Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу жөніндегі министрі Вилле Скиннаримен кездесті.
Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, көлік және транзит саласындағы перспективалық жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді.
ҚР ИИДМ басшысы еліміз Финляндияның Nurminen Logistics Services компаниясымен ынтымақтастықты құптайтынын және Қазақстанның шекара өткелдері арқылы Финляндиядан Қытайға және кері қарай логистикалық тізбектер мен жүк тасымалдарын дамытуда екіжақты серіктестікті арттыруға дайын екенін растады. "KTZ Express" АҚ Nurminen Logistics Services компаниясымен бірлесіп Хельсинки (Финляндия) - Вайнаккала (Финляндия)/Бусловская (РТЖ) - Канисай (РТЖ)/Илецк (КТЖ) - Достық/Алашанькоу (ҚТЖ/ӨТЖ) - Хэфэй (ҚТЖ) бағытында құрама жүктердің контейнерлік тасымалын жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Министрлер көлік, қатынас және логистика саласындағы бірлескен жұмыс тобы аясында жүргізілген жұмыс нәтижелерін және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Қазақстанда жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.
Келіссөздердің қорытындысында тараптар сындарлы диалог үшін бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Анықтама:
ҚР мен Финляндиядың тауар айналымы 2020 жылы 310,5 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 185 млн., импорт - 125,5 млн.), ал ҚР-ға тікелей фин инвестицияларының жалпы көлемі -10,7 млн. АҚШ доллары.
2021 жылдың І тоқсанында елдеріміз арасындағы тауар айналымы 51,2 млн АҚШ долл. асты. (экспорт - 41,2 млн. импорт 10 млн.). Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 55% жоғары.
Қазақстанда Nokia, Metso, Wartsila, Vaisala, Kone, Honka, Tikkurila, Reka, Lindstrom, Onnine және т.б. фин компанияларының 50 бірлескен кәсіпорыны, филиалдары мен өкілдіктері тіркелген.