ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ИМПОРТ АЛМАСТЫРУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ИМПОРТ АЛМАСТЫРУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР

Отырыста тараптар өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперациялық ынтымақтастық және импорт алмастыру бойынша интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен бойынша алқа мүшесі (министр) Александр Субботиннің мәлімдеуінше Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастырған Индустрияландыру картасы Одақ деңгейінде импортты алмастыру бойынша жұмысты кешенді ұйымдастыруға, импортты алмастыру бойынша Ұлттық жоспарларды біріктіруге, ЕАЭО деңгейінде импортты алмастыратын өндірістік тізбектерді құруға, бір-бірінің құзыретін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғары деңгейдегі жұмыс тобы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімі бойынша құрылды және одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарларын қамтиды.

Бірінші отырыста одақ елдерінде импорт алмастыру жобаларына қатысу тетіктерін әзірлеу тәртібі талқыланды.

Комиссия сарапшылары мен тараптардың уәкілетті органдары мүше мемлекеттердегі импорт алмастыруды қолдау бағыттарын пысықтады. Қазір осындай жеті бағыт келісілді. Олар дамудың инновациялық бағытына (ҒЗТКЖ саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар, салалық құзыреттер орталықтарын қалыптастыру) көшуді, сондай-ақ бірлескен өндірістерді ұйымдастыруды және ЕАЭО-да бірлесіп өндірілген өнімді қолдауды көздейді.

Осы кездесу ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Екатеринбургте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің кездесуі жоспарланып отырған "ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі қарсаңында өткізілді.