
Қазақстан тарихында Қазақстан мен Жапония арасындағы алғашқы авиациялық барыс-келістің ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау және мемлекеттік органдар мен авиакомпаниялардың жедел түрде бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.
«2019 жылдың басынан бастап "Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор", "Нұр-Сұлтан - Прага", "Алматы - Баку", Жуковский қаласынан Қарағандыға жаңа халықаралық рейстер ашылды. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, шетелдік жолаушылардың транзитпен келуінен ғана Қазақстан экономикасына қосымша түсетін түсімдер шамамен 40 млн. АҚШ долларын құрауы мүмкін»,- деп атап өтті ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев өз сөзінде.
6 шілдеден бастап Токио әр сенбі сайын Қазақстаннан туристерді қабылдайды. Алдағы уақытта SCAT Жапония астанасына ұшатын рейстердің жиілігін аптасына бірнеше есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.