МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА БАРДЫ

МЕРЕКЕ ПІШЕМБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ПАВЛОДАР ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА БАРДЫ

Кеңеске сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлер бойынша департаментінің өкілдері, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша МҚІА департаментінің директоры Жанна Қабдолдақызы, Павлодар облысы бойынша МҚІА департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов қатысты.

Аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары кадрлық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет көрсету және заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жауапты хатшы өз сөзінде Министрліктің аймақтардағы Министрлік өкілдері ретінде аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды шешуі тиіс негізгі міндеттерін айқындады. Сондай-ақ, ол Министрліктің жетекшілік ететін инфрақұрылым мен индустрияны дамыту бойынша Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатқан аса маңызды жобаларды атап өтті.

Сонымен қатар, Мереке Пішембаев "Қазақстан Су Жолдары" РМК, "Семей Инжиниринг" АҚ қызметімен танысты, сондай – ақ "Талдықорған-Өскемен", "Қалбатау – Майқапшағай" және "Өскемен-Осинов асуы"автожолдарын қайта жаңарту жөнінде құрылыс алаңына барды.