ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА ИИДМБ 3 ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА ИИДМБ 3 ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бағдарламаның негізгі тәсілдерін "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Төрағасы Әлішер Әбдіқадыров  атап өтті

"2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғары өнімді және экспортқа бағытталған өңдеуші өнеркәсіпті құруға бағытталған жаңа проактивті индустриялық саясат кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Еңбек өнімділігін арттыру және қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің экспортқа бағдарланған өндірісін ұлғайту жолымен қол жеткізілетін өңдеуші сектордың тұрақты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі Индустрияландырудың екі бесжылдығы ішінде негізгі бағыт болып табылады.

Сәйкес вектор индустриялық саясаттың үшінші кезеңі аясында да сақталады,оны іске асыру келесі жылы басталады. Жаңа шынайылықты ескере отырып, біз аяққа нық басып тұрған кезде, қолдаудан ынталандыруға көшу арқылы сапалы дамуды қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатты қайта жүктеудің тамаша мүмкіндігі бар", - деді Әлішер Әбдіқадыров.

Үшінші индустрияландыру бағдарламасы алдыңғы екеуінен өзгеше болады. Өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларында тиімді өндірушілерді қолдау пайдасына қарай салалық басымдықтардан көшу жүзеге асырылатын болады. Тікелей қолдау нақты көрсеткіштерге (жаңғырту, экспорттың өсуі және т.б.) қол жеткізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелеріне айырбасқа берілетін болады.

Талқылау барысында бизнес пен мемлекеттік органдардың ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстары қаралды.