ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ: "ӨҢІРЛЕР АРЫСТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҚАРҚЫНЫН ЖЕДЕЛДЕТУІ ҚАЖЕТ»

ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ: "ӨҢІРЛЕР АРЫСТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҚАРҚЫНЫН ЖЕДЕЛДЕТУІ ҚАЖЕТ»

Жеңіс Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Кеңес барысында ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

"Жалпы, динамика қалпына келтіру жұмыстарының күн сайынғы өсуін көрсетіп отыр, күн сайын 400 жаңа үй жөндеу жұмыстарымен қамтылуда, жұмысшылар саны 350 адамға көбейтілді, соңғы күндері күн сайын шамамен 50 үй аяқталуда", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Ол сондай-ақ, СҚО (176 зақымдалған 26 ЖТҚ қалпына келтірілді), Атырау облысы (482 зақымдалған және бүлінген 308 ЖТҚ қалпына келтірілді), Павлодар облысы (300 зақымдалған және барлық 5 КПТҮ, 113 ЖТҚ қалпына келтірілді), БҚО (564 зақымдалған және бұзылған 109 ЖТҚ қалпына келтірілді) және Ақтөбе облысы (404 бұзылған және бүлінген үйлерден 92 ЖТҚ қалпына келтірілді) секторлары бойынша жұмыстар жақсы қарқынмен жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жұмыстардың әлсіз қарқыны Қостанай облысының (зақымдалған 506 үйдің 67 ЖТҚ-на жұмыстар жүргізілуде), ШҚО (зақымдалған 522 үйдің 50 ЖТҚ-на жұмыстар жүргізілуде) және Алматы облысының (зақымдалған 715 үйдің 115 ЖТҚ-на жұмыстар жүргізілуде) секторларында байқалады.

"Аталған өңірлер жұмысты күшейтіп, тұрғын үйлерді жұмылдыру мен қалпына келтіру қарқынын арттыруы қажет",-деп атап өтті ҚР ИИДМ вице-министрі.

Естеріңізге сала кетейік, күшті жарылыс толқынының нәтижесінде ең зақымдалған учаскелер келесі секторларға келді: 1-сектор (Атырау обл.), 2-сектор (Павлодар обл.), 3-сектор (Жамбыл обл.), 5-сектор (Қарағанды обл.), 7-сектор (Түркістан обл.), 9-сектор (Нұр-сұлтан қ.) және 14-сектор (Алматы қ.).

Құрылыс және ТКШ комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылы 9 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында 434 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 4 мыңнан астам құрылысшы мен 185 арнайы техника қазір тағы 2642 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарын қалпына келтіруде.