
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, 4 мыңнан астам құрылысшы мен 185 арнайы техника қазір тағы 2642 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарын қалпына келтірілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс 17 секторға бөлініп, әр өңір мен Республикалық маңызы бар қалаға бекітіп берілген. 2019 жылғы 6 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек, ҚР ИИДМ вице-министр Қайырбек Өскенбаев және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен әкімдік өкілдерімен кеңес өткізіп, жауапты тұлғалардан қаланы қалпына келтіру қарқынын жеделдетуді сұрады.
Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс. ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

