
"Министрліктің тапсырысы бойынша экспортты жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау аясында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Ресейдің басты индустриялық, сауда және экспорттық алаңында Қазақстандық өнеркәсіптік өнім өндірушілердің қатысуын ұйымдастырды", - деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы көрмеде сөйлеген сөзінде.
Министр ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу дәстүрлі түрде қазақстандық экспорттаушылар үшін маңызды оқиғалардың бірі болып табылатынын атап өтті. Бүгінде ИННОПРОМ арқылы жемісті байланыстар орнатылып, сондай-ақ өнеркәсіптік сектордағы ресейлік және шетелдік өндірушілердің жаңа әзірлемелерін көрсететін беделді халықаралық алаң мәртебесінде беки түсті
"Мен аталған көрме айтарлықтай қозғалыс пен алға ұмтылуды көрсететініне, екі елдің мемлекеттік саясаты тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін қалай бірігетінін және таңдалған бағыттағы дамуға қомақты үлес қосатынын көрсететініне сенім білдіргім келеді. ИННОПРОМ алаңындағы жұмыс нәтижелері оның ұйымдастырушыларының, қатысушыларымен қонақтарының үмітін ақтайтынына сенімдімін", - деді Роман Скляр.
