
"2018 жылдың қорытындысы бойынша біз тауар айналымының 7%-ға ұлғаюына қол жеткіздік, ол 17,5 млрд.АҚШ долл. құрады. Қазақстанның Ресейге экспорты 11% - ға артып, 5 млрд. АҚШ долл. құрады (2017 жылы – 4,6 млрд.АҚШ). Ресейден Қазақстанға Импорт 2018 жылы 5,6% - ға ұлғайып, 12 млрд. АҚШ долл. құрады (2017 жылы - 11,7 млрд. АҚШ доллары)", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр РФ Өнеркәсіп министрі Денис Мантуровпен кездесу барысында.
"Сондықтан экспортты өзара жылжыту бойынша жұмысты жандандыру маңызды. Өз тарапынан Ресей нарығына экспорттық жеткізілімдерді ұлғайту мақсатында 2018 жылдың 24 қазанында Қазан қаласында "Қазақ–Экспорт"компаниясының филиалы ашылды. Бүгінгі таңда Ресейдің ірі сауда желілерімен алғашқы байланыстар мен келісімдер бар және қазақстандық азық-түлік өнімдерін, алкоголь және алкогольсіз өнімдерді және т.б. жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы.
Роман Скляр қазақстандық өндірушілердің өзара сауда көлемін одан әрі арттырудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Мәселен, бүгінде біздің еліміз химиялық өнеркәсіп, бұл-дәрілік заттар, сылақ материалдары, кальций карбидтері, сары фосфор ('ақ) және т. б. сияқты салалардағы 35 тауар позициясы бойынша жеткізілім номенклатурасын кеңейтуге дайын. Сонымен қатар, Қазақстан металдар мен олардан жасалған бұйымдарды, мал және өсімдік тектес өнімдерді, дайын азық-түлік тауарларын, сондай-ақ машиналарды, жабдықтарды, аспаптар мен аппараттарды жеткізуді ұлғайтуға дайын.