ҚАЗАҚСТАНДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ӨСІП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ӨСІП КЕЛЕДІ

"2015 жылдан бастап елімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда. Бұл жыл бесжылдықтың соңғы жылы. Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 1,3 трлн.теңгеге 102 жоба іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша индустрияландыру бағдарламасының барлық мақсатты индикаторлары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов үкіметте өткен брифинг барысында.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылда Қазақстан оң динамикасын сақтап қалды. Өсім мынадай салаларды қамтамасыз етті: жеңіл өнеркәсіп (+23,0%), машина жасау (+16,0%), мұнай өңдеу (+9,4%), түсті металлургия (+7,8%) және химия өнеркәсібі (+0,8%).

2019 жылдың 4 айында өңделген өнім экспортының көлемі 5 млрд. АҚШ долларын құрады (2018 жылдың 4 айы ішінде 5,2 млрд. АҚШ долл. құрады, 4%-ға азайды). 2019 жылғы 1 тоқсанда өңдеу өнеркәсібінің Еңбек өнімділігі 2750,1 мың теңгені құрады (НКИ 101,5%). 2019 жылдың 5 айында Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар 254,5 млрд. теңгені құрады (НКИ 60,5%, яғни 39,5% төмендеді).

"Биыл біз 1,1 трлн.теңгеге 20 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы Индустрияландыру картасының 120-дан астам жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы 4 ай ішінде 8 млрд. теңгеге 317 тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 10 жоба іске қосылды", - деп атап өтті вице-министр.

Елбасының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін ҚР ИИДМ 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын бекітуі тиіс. Негізгі тәсілдер индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына енгізілген. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Бағдарламаның мақсаты Өңдеуші өнеркәсіптің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болып табылады.  Тұтастай алғанда, индустриялық-инновациялық саясат сабақтастықты сақтайды және экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға және еңбек өнімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға шоғырландырылатын болады.

"Бағдарламаның негізгі жаңалықтары келесідей болады: біз өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларындағы тиімді өндірушілерді қолдау пайдасына орай салалық басымдықтардан кетеміз. Бюджеттік ресурстарды пайдалануға бақылауды күшейту және ұтымды пайдалану мақсатында кәсіпорындарды қолдау нақты көрсеткіштерге (жаңғырту, экспортты өсіру және т.б.) қол жеткізу бойынша Бизнестің қарсы міндеттемелеріне алмасуға ұсынылатын болады. Кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға бағытталған қолданыстағы құралдар жетілдіріледі және жаңа құралдар әзірленеді", - деді Аманияз Ержанов.

Вице-министр қазіргі таңда Бағдарлама жобасы әзірленіп, келісу үстінде екенін және жақын арада Ашық НҚА интернет-порталында және министрлік сайтында жариялы талқылау үшін жарияланатынын атап өтті.