
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша 5144 құрылысшы мен 223 арнайы техника ЖТҚ және КПТҮ-дің 3232 нысандарында (бір күн бұрын 2989 нысанда) жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 200-ден астам үйді жөндеу жұмыстарымен қамтуда.
Тағы 1,5 мың құрылысшы "Самұрық – Қазына"АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны) қалпына келтіреді.
ҚР ИИДМ Вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қаланың қалпына келтіру қарқыны туралы баяндады. Оның айтуынша, жақын аптада 600-700 жұмысшы жұмылдырылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.