ҚР ИИДМ-ДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛАУ КЕҢСЕСІ АШЫЛАДЫ

ҚР ИИДМ-ДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛАУ КЕҢСЕСІ АШЫЛАДЫ

Жобаның миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға деген сенімін арттыру болып табылады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылғы шілде – 2020 жылғы шілде.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясындағы кейбір іс-шараларды атап өткім келеді. Мәселен, көлік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология салаларындағы бақылау-қадағалау функцияларының шамамен 30%-ы қысқартылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс - шаралар жүргізілді, ол қызмет алушылармен тікелей байланыс орнатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жағдай жасайтын құқықтық актілердің қайшылықтары мен тиімсіздігін жоюға, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған",-деп хабарлады ҚР ИИДМ жауапты хатшысы Мереке Пішембаев.

Бұдан басқа, көлік мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, олар: әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды (видеожетондарды) пайдалану, автокөлік құралдарын тоқтату жүзеге асырылатын негіздердің толық тізбесі, нәтижесінде бекет қызметкерлерінің таңдауы бойынша тоқтауға тыйым салуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға нақты уақыт режимінде көліктік бақылау бекеттеріндегі инспекторлардың жұмысын бақылауға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын қолдану арқылы тасымалдаушылармен тікелей байланыс инспекторларын алып тастау жоспарлануда.

"Лауазымдық нұсқаулықтарда министрлік, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелері басшыларының бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі бекітілген. Тоқсан сайынғы есептер қалыптастырылатын Бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауға көп көңіл бөлінеді. Министрлік, мемлекеттік органдардың ішінде бірінші болып квазимемлекеттік секторды қамтып, ведомствоға қарасты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен стандарттар енгізді", - деп атап өтті Мереке Пішембаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоба келесі салаларда жұмыс істейтін болады:

- Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік;

- жер қойнауын пайдалану;

- автомобиль жолдары;

- азаматтық авиация;

- көлік;

- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- қорғаныс өнеркәсібі.

 Көрсетілген бағыттар шеңберінде келесі міндеттер қарастырылған:

Сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау:

1) Қолданыстағы НҚА-ны талдау және жетілдіру;

2) ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау, оларды оңтайландыру;

3) ұйымдастыру-басқару қызметін талдау.

Бизнес үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету:

1) заманауи сандық технологияларды енгізу;

2) адам факторын болдырмау.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру:

1) консультациялық-кеңесші органды қалыптастыру;

2) Министрліктің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:

1) қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру;

2) азаматтармен ақпараттық жұмыс;

3) ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу.