
Меморандум келесі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ықпал етеді:
- "Қарасу" (Қазақстан) және "Ақ-тілек" (Қырғызстан) өткізу пункттері арасындағы Шу өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту;
- Қазақстан мен Қырғызстандағы инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін серіктестерді іздестіру кезінде өзара ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау;
- инфрақұрылымдық даму үшін мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізуге жәрдемдесу, оқыту семинарларын, тағылымдамаларды бірлесіп ұйымдастыру және өткізу;
- көрмелер, конференциялар ұйымдастыруға бірлесіп қатысу, сондай-ақ ұқсас іс-шараларда мүдделерді бірлесу арқылы және/немесе өзара білдіру;
- алдағы іс-шаралар туралы өзара ақпарат алмасу.
"Біз бүгін қол қойған автомобиль жолдарын салу және жобалау саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум біздің бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Айта кетерлігі, қазақстандық компаниялар өздерінің құзыреттерін қырғыз әріптестеріне беру саласына белсенді қатысып отыр, осылайша ү.ж. 20-21 мамырда Бішкек қаласында сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібі, ТЖ-саласы, фармацевтика және медицина саласында бірқатар келісім-шарттарға қол қойылды",-деп хабарлады Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, 8-ші Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.
Ведомство басшысының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық табысты жүргізілуде:
Қазақстандық автомобиль жасау компаниялары Қырғыз әріптестерімен ынтымақтастықты жолға қоюға ниетті. 2018 жылдан бастап пилоттық режимде 6 бірлік JAC S3 автокөлігінің алғашқы тестілік жеткізілімі сәтті басталды.
"Бұдан басқа, ҮАК 8-ші отырысының ағымдағы хаттамасына қазақстандық өндірістің 250 автобусын жеткізу туралы норма енгізілген. Сондай-ақ, сараптамалық отырыс барысында қырғыз әріптестеріне жергілікті тұтынушылардан сұраныс болған жағдайда Қазақстан Қырғызстанға жеткізе алатын 43 тауар позициясының тізбесі берілді", - деп атап өтті Роман Скляр.
Министр атап өткендей, ҚР МИИР алыс-беріс жағдайында құрамында алтыны бар флюс кенін жеткізу бойынша табысты ынтымақтастыққа үміттенеді.

