АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН 3512 ҮЙ ҚАМТЫЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН 3512 ҮЙ ҚАМТЫЛДЫ

Қазір жөндеу жұмыстарында 5346 құрылысшы еңбек етуде, оған қоса 231 бірлік арнайы техника жұмылдырылғанЖұмыстар 3512 ЖТҚ және КПТҮ нысандарында (бір күн бұрын 3232 нысан) жүргізілуде. Осылайша, бір тәулік ішінде құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 280 үйді қамтыды.   

Сондай–ақ, 1610 құрылысшы "Самұрық-Қазына"АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны) қалпына келтіреді.

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі. Үйлерді қалпына келтіру қалыпты қарқынмен жүргізілуде, алайда кейбір секторлар жұмысты жеделдету қажет.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.