
"Ағымдағы жылдағы 6 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд.теңге инвестиция тартылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 15,5% - ға жоғары. Мемлекеттік қаражатқа 7,4 теңге жеке инвестициялар тартылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін барлығы 118 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 48 925 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны 1,3 млн.адамға жетті", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
Министрдің мәліметінше, жарты жылдың қорытындысы бойынша 5,7 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 98,1% құрайды.Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстары болды.
Тұрғын үйді уақтылы іске қосу үшін құрылыс алаңдарына тиісті инженерлік коммуникацияны жүргізуге 81,7 млрд.теңге қарастырылды.
""NurOtan" Партиясының XVIII съезінде берілген Елбасының тапсырмасы бойынша көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салу және сатып алу қарастырылған. 7 жыл ішінде 40 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап 1610 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді. Оның ішінде Маңғыстау (9 пәтер),Ақтөбе (22 пәтер) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының (24 пәтер) әкімдіктерімен барлығы 55 пәтер берілді", - деді Роман Скляр.
"Сіздің тапсырмаңыз бойынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылды. 3 жыл ішінде 3 мың жалға берілетін пәтер беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1050 пәтер және Шымкентте 900 пәтер беру көзделген. Жыл сайын 3 жыл ішінде көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар үшін жылына 2%-бен 6 мың жеңілдікті қарыз берілетін болады",-деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.
Министр 2019 жылдың соңына дейін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы жаңа редакцияда қабылданатынын атап өтті. Оған тұрғын үйлерді жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері енгізілетін болады.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіздің тапсырмаларыңызды орындау Министрліктің ерекше бақылауында. Индустриялық және инфрақұрылымдық саясатты іске асыру қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталатын болады", - деп қорытындылады Роман Скляр.