АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1047 ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1047 ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

15 шілдедегі мәлімет бойынша, құрылыс жұмыстары тағы 4225 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысандарында жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 5,9 мыңнан астам.  17 секторда жалпы саны 194 құрылыс компаниясы, 245 дана техника жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге  1617 құрылысшы тартылған.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.