АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ 1360 ҮЙДЕ АЯҚТАЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ 1360 ҮЙДЕ АЯҚТАЛДЫ

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 213 компания тартылған. Қала 17 секторға бөлінген, онда 6 542 құрылысшы және 252 арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыс күндіз де және түнде де жүргізілуде.

Тағы да 1840 құрылысшы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруде.

Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.