МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА "БЕЙНЕУ – АҚЖІГІТ – ӨЗБЕКСТАН ШЕКАРАСЫ" ЖОЛ УЧАСКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА "БЕЙНЕУ – АҚЖІГІТ – ӨЗБЕКСТАН ШЕКАРАСЫ" ЖОЛ УЧАСКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

ҚР Үкіметінің басшысы "Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы" халықаралық маңызы бар автомобиль жолындағы қозғалыстың ашылуымен құттықтады және оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын дамыту, сауда көлемін арттыру, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін маңыздылығын атап өтті. Асқар Мамин «бұл жоба Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен басталған терең мазмұнды қатынастардың белгісі»,-деп атап өтті.

Үкімет басшысы атап өткендей, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, тұрақты оң динамикаға ие болды. Бұған өзара сауда көлемінің жыл сайынғы өсуі дәлел болып табылады. Өткен жылғы тауар айналымы $3 млрд. құрады 2019 жылдың басынан бастап өсудің оңды динамикасы жалғасып келеді.

"Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" жол учаскесінің ұзақтығы 85 км. құрайды. 2015 жылы қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның құны 20,1 млрд. теңгені құрады. Жобаны іске асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.  2017 жылы осы жолды қайта жаңарту жұмыстары басталды.

Объектіде барлығы 315 адам және 166 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмыс істеді.