"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ және "Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасы шеңберінде Қазақстанда кластерлік саясатты іске асыру кезінде QazIndustry "INFYDE" компаниясының техникалық және консультациялық қолдауымен кластерлік бастамаларды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді: іріктелген аумақтық кластерлердің ағымдағы жай-күйіне диагностика жүргізілді, 6 аумақтық кластердің өкілдері QazIndustry компаниясы және кластерлік саясатты өрістету саласында мүдделі тараптар жетекші консалтингтік құрылымдарда әлеуетті арттыру және құзыреттілікті дамыту бойынша оқудан өтті, 2017 жылдан бастап QazIndustry компаниясы кластерлеу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, инновациялар және кластерлерді дамыту мәселелерінде кең құзыреттілікке ие негізгі ұйымдар мен практик мамандардың халықаралық желісінің TCI Network – ұйымдастырушылық мүшесі болды. TCI Network мүшелігіне сондай-ақ 6 аумақтық қазақстандық кластердің өкілдері кірді. Сондай-ақ кластерлерді құрылымдау және басқару бойынша Ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, аумақтық кластерлерді дамытудың стратегиялық бағыттары мен жоспарлары әзірленді.

Еуропалық кластерлік талдау хатшылығы (ESCA) бенчмаркинг және 6 пилоттық қазақстандық аумақтық кластерлердің сапасына талдау жүргізді. Еуропалық комиссияның танылуы және олармен жұмыс істеу нәтижесі "Qazaqindustry" АҚ кластерлердің "BRONZE Label"сертификатын алуы болды.

Бұдан әрі QazIndustry кластерлік саясат саласындағы талдамалық және консалтингтік орталықты ұйымдастыру және нығайту, Қазақстан өңірлерінің бірегей құзыреттерін анықтау және қазіргі заманғы технологиялық трендтермен үндестіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

"Біз атқарған екі жылдық жұмыстан кейін бизнес өкілдерінің келіссөздер үстеліне отыруға және кластерлік қауымдастықтарды ашуға деген шынайы ниетін көріп отырмыз. Келесі жылдан бастап индустрияландыру бағдарламасының жаңа кезеңін іске асыру басталады, онда біз өңірлік бәсекеге қабілеттілікті күшейту, кластерлік даму және инновацияларды қолдау бойынша үздік тәжірибелерге қолдау көрсету үшін белсенді қатысатын боламыз",-деді "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров.