
Бүгінгі күнде төртінші өнеркәсіптік революция немесе "Индустрия 4.0" әлемдегі ең өзекті үрдістердің бірі болып табылады. Киберфизикалық және роботтандырылған жүйелерді, көлемді ақпараттық деректерді және индустрияның басқа да 4.0 технологияларын енгізумен өндірістік және көліктік шығындар төмендейді, бизнес-процестер оңтайландырылады, жаңа бизнес-модельдер енгізіледі, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі едәуір артады. Осының бәрі заманауи өнеркәсіптің бейнесін өзгертеді.
Тау-кен өндіруші компаниялардағы стратегиялық жоспарлау аз шығынмен тау-кен өндірісінің ең жоғары көлемін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Кейіннен аз шығынды өндірістің тұжырымдамасы технологиялық процестердің түбегейлі өзгеруінен гөрі шикізат тауарларының бағасына көбірек назар аудару жағына қарай бағытталды.
Стратегияны әзірлеу кезінде тау-кен өндіруші компаниялар деректерді пайдалануға негізделген тәсілдерді ұстануы тиіс. Мұндағы негізгі мәселе деректерді пайданы арттыру мүмкіндіктерін сандық тұрғыдан бағалау сұрақтарына жауап беру үшін ғана емес, сонымен қатар тиісті сапалы талдау жүргізу үшін де пайдалану болып табылады.
Бүгінде саланың ірі отандық компаниялары цифрландыруды ескере отырып, өзінің даму стратегиясын қалыптастырды және қазірдің өзінде оң мысалдар келтіруге болады. Олар цифрландыру бойынша 2022 жылға дейін жалпы сомасы 150 млрд. теңгеге 20 ірі жобаны іске асыратын Еуразиялық Топ, Қазмырыш, Арселормиттал Теміртау, Қазақмыс корпорациясы, Қазминералс сияқты компаниялар.
Сонымен қатар, озық әлемдік сарапшылармен бірлесіп жүргізілген елдің өңдеу өнеркәсібін талдау барысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 80%-дан астамы және өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарының 60%-ы Индустрия 2.0 (жартылай автоматтандырылған операциялар) деңгейінде немесе автоматтандырылған өндіріске көшу кезеңінде екенін көрсетті. Бұл Қазақстанның үлкен даму жолының басында тұрғанын көрсетеді.
Бұдан басқа, өнеркәсіпті цифрландыру жолындағы негізгі кедергілер анықталды, олардың ішінде: бизнес ортадағы цифрландырудан түсетін экономикалық пайданы жете түсінбеу, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, отандық технологиялар мен құзыреттіліктің жеткіліксіз дамуы, цифрландыру үшін қажетті қаржы ресурстарының шектеулілігі, телекоммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.
Осыған сәйкес және халықаралық тәжірибені ескере отырып цифрландыруды жоспарлайтын және цифрлық технологияларды неғұрлым белсенді енгізуді ынталандыратын отандық кәсіпорындарды қолдау үшін қажетті экожүйені құруға бағытталған шаралар әзірленді.
Қазіргі уақытта сандық технологиялар мүмкіндіктерінің демонстрациялық алаңына айналатын модельдік сандық фабрикалар құру бойынша жобалар табысты іске асырылуда. Сандық фабрикалар қосымша преференциялар алу – эксаумақтық өндіріс мәртебесін алу мүмкіндігін ұсынды.