
Жиын барысында, Көлік комитетінің «Айқын бағыт» жобалық офисі мен ахуалдық орталықтың қызметі туралы ақпарат тыңдалды. Сонымен қатар, Комитет пен ҚР ИИДМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қолдау, ақпарат алмасу, бірлескен кездесулер мен семинарлар өткізу және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша келісілген іс-шаралар өткізу туралы атап өтілді.
Сондай-ақ, Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д. Қоспабаев ҚР ИИДМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын таныстыруды және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау бекетіне бірлесіп тексеру және бақылау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.