АРЫС ҚАЛАСЫНДА 5000-ҒА ЖУЫҚ ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 5000-ҒА ЖУЫҚ ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қала шартты түрде бөлінген 17 секторда қазір 7324 жұмысшы жұмыс істейді. Олар 4804 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді салу және жөндеу жұмыстарымен қамтыды.

Құрылысшылар ақ тер-көк тер болып аномальды ыстық жағдайында еңбек етуде. Термометр бағанасы күндіз Арыста 45 градустан төмен түспейді.    

"Жұмыс күні таңғы алтыдан басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін құрылысшыларға үзіліс жариялаймыз. Адамдарға демалыс береміз, өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Құрылысшылар сағат төрт жарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Басқалай болуы мүмкін емес", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысын қадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге елдің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысуда.