
Бүгін, 2019 жылдың 22 шілдесінде, Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қытайдың China Railway Capital Co компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытайдың өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарын және екі елдің болашақ өзара іс-қимылының жоспарларын атап өтті.
ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша, Қытай Қазақстанның сыртқы сауда құрылымында екінші орынды алады.
"2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Қытаймен сыртқы саудасы 11,1%-ке өсті және 11,7 млрд. АҚШ долларын құрады", - деді Роман Скляр.
2013 жылы Қазақстан астанасында ҚХР Төрағасы Си Цзинпиньдің мемлекеттік сапары кезінде ҚР-да "Бір белбеу-бір жол" бастамасы айтылды. Осы бастамаға қазіргі уақытта 122 мемлекет пен 30 халықаралық ұйым қосылды. Бұл жоба жаһандық ЖІӨ-нің 40%-ін және планетаның 4,4 млрд. халқын қамтиды. Бұл ретте, осы бастамамен қарастырылған 3 құрлықтағы 2 маршрут Қазақстан аумағы бойынша өтеді.


