
Жобалық кеңсенің жұмысында "Атамекен" ҰКП базасында жалпы құны 1 трлн.теңгеден асатын 1500 бизнес жоба бар. Оның ішінде 50 млрд. теңгеге 104 жоба мақұлданды.
Тамақ өнеркәсібі - сүт өнімдері, шұжық және ет өнімдері, макарондар, жартылай фабрикаттар;
Қызметтер - қонақ үйлердің құрылысын салу, қоймалар, емдеу-сауықтыру санаторийі, демалыс орындарын ұйымдастыру;
АӨК - ет, сүт, жұмыртқа, ІҚМ, туризм;
Жеңіл өнеркәсіп - сыртқы киім, аяқ киім, шұлық-ұйық бұйымдары, тоқыма бұйымдары, тігін цехының құрылысы;
Химия өнеркәсібі - тыңайтқыштар, пластмассалар;
Жиһаз өнімдері - ас үй жиһазы, матрастар;
Машина жасау - кабель, аккумуляторлар, гидравликалық жабдықтар;
Құрылыс материалдары - гипс, құрғақ құрылыс қоспалары;
Өзгелері – қағаз бұйымдары, дәретхана қағазы, ДСП.
Тағы 179 жоба банктерде қарастырылуда.
Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру барысын ұлғайту бойынша шешімдер жақын арада қабылданатын болады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін жобалық кеңсе қарсы міндеттемелер бойынша ұсыныстар дайындайды және тамыз айының соңына дейін бағдарламаны іске асыру тетігіне тиісті өзгерістер енгізеді.