ҚР ИИДМ 2020-2025 ЖЖ. ИИДМБ-НА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУДА

ҚР ИИДМ 2020-2025 ЖЖ. ИИДМБ-НА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУДА

Атап айтқанда, экономика секторларына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ұсынылатын шаралардың тиімділігі, іс-шаралардың жоспарларын іске асыру тиімділігі, оның ішінде оларды толықтай қаржыландырмаудың мәселелері қарастырылады. Талдау нәтижелері 2020-2025 жылдарға әзірленіп жатқан ИИДМБ-да ескерілетін болады.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі қазақстандық мазмұнмен қамтудың дамуын жіті қадағалайды. 2018 жылы құрылыстағы қазақстандық  мазмұн үлесі 77%-і құрады, оның ішінде тұрғын үй нысандары – 86%, инженерлік желілер – 86%, жол құрылысы – 95%, магистральді желілер – 41%, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары – 71%.