
2016-2018 жылдар аралығында әкімдіктер үлгілік жобалар бойынша 238 нысанның құрылысы салынды. Осы үлгілік жобаларды қолдану кезінде ЖСҚ әзірлеу құны орта есеппен 55-65% - ға, әзірлеу мерзімі 5-6 айға қысқарады.
Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үлгілік жобаларды міндетті түрде пайдалану бойынша бюджеттік заңнамаға түзетулер дайындалды.
Өткен жылы қазақстандық мазмұнмен қамту үлесін арттыру үшін НҚА-ге барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің электрондық тізілімі жасалды, ЖСҚ-да, орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде материалдардың шығу тегін міндетті түрде көрсету жөнінде талаптар енгізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша бюджеттік жобалардағы отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90%-ке дейін ұлғайту жоспарлануда.