АСҚАР МАМИН ТЕМІРТАУ-ҚАРАҒАНДЫ АВТОЖОЛЫ УЧАСКЕСІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АСҚАР МАМИН ТЕМІРТАУ-ҚАРАҒАНДЫ АВТОЖОЛЫ УЧАСКЕСІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қарағанды облысындағы республикалық маңызға ие автокөлік жолдарының жалпы желісі 2 785 км. құрайды. 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін облыста 106 км қайта жаңартылды, 91 км күрделі жөндеуден өтті және 945 км автожолға орташа жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта ұзындығы 14 км "Теміртау-Қарағанды" учаскесінде қалған 1,9 км-ге цемент-бетон жамылғысын орнату және жолды жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдарын салу және қайта жаңарту аясында 9 көлік айрықтарын, 9 жол өткелдерін, темір жол және Солонка өзені арқылы ұзындығы 232 ұ.м. эстакадаларды салу бойынша жұмыстар, сондай-ақ 64 бірлік су өткізу құбырларын салу бойынша жұмыстар аяқталуда.

Учаскеге 400-ден астам техника, сондай-ақ 850 білікті персонал жұмылдырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ұзындығы 61 км аталған учаскелер пайдалануға беріледі, бұл Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытында автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді.