
Бүгінгі күнде өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасының негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде Ресей Федерациясы Қазақстанның ірі инвесторы және сауда серіктесі болып табылады. Жыл сайын ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымының көлемі өсуде, сондай-ақ елдер арасындағы импорт пен экспорт көрсеткіштері ұлғаюда.
Тараптардың пікірінше, қазақстандық және ресейлік өндірушілердің өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайтудың үлкен әлеуеті бар. Қазақстан 35 тауар позициясы бойынша жеткізілімдер номенклатурасын мына салаларда кеңейтуге әзір: химия өнеркәсібі, металдар мен олардан жасалған бұйымдарды, мал және өсімдік тектес өнімдерді, дайын азық-түлік тауарларын, сондай-ақ машиналарды, жабдықтарды, аспаптар мен аппараттарды жеткізуді ұлғайтады.