
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытқан қызметкерлер бұл туралы дереу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлайды. Оқиғаның анық-қанығына жеткеннен кейін үш жүк автокөлігінің жүргізушісіне қарсы қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді.
«Көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызметті адал атқаруға және аумақтық көліктік бақылау бекеті қызметкерлерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысуға ықпал етті. Атап айтқанда, Р.Ахметжанов, А.Булатов, Б.Абуов, Н.Әутәліпов, Б.Нашенов және А.Қайырболатов сияқты қызметкерлер Көлік комитетінің қаражатынан ақшалай сыйақылармен марапатталды», - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов.